Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

faq

Жиі қойылатын сұрақтар

SMALL супермаркеттеріндегі тауарларға жасалған жеңілдіктер туралы қайдан білуге болады?

Маңызды жеңілдіктер туралы Жеңілдіктер каталогы бөлімінен көруге болады немесе баспа каталогының электронды нұсқасын мына жерден аша аласыз. Алдын ала өз қалаңызды таңдауды ұмытпаңыз!

Мені қызықтырған тауардың бар екенін және оның бағасын қалай білуге болады?

SMALL&Skif сауда желісінде 35 000-нан аса тауар аталымы бар. Тауардың бар екенін және оның бағасын білу үшін ең жақын Small немесе Skif дүкенінің қызметкеріне жолығу қажет.

Дүкеннің телефон нөмірін қалай білуге болады?

SMALL&Skif дүкендерінің телефон нөмірі тек қызметтің мақсатта қолданылады. Барлық ақпараттық сипаттағы қажетті консультациялық қолдаудың бәрін 8 800 070 7170 жедел желі нөмірі арқылы алуға болады.

Сіздерге қалай жұмысқа орналасуға болады?

Жұмыс бөліміндегі өтінімді толтырыңыз. Менеджерлер міндетті түрде сізбен байланысады. Сонымен қатар бос жұмыс орнына қатысты мәселе бойынша өтінімді rabota@small.kz электронды адресіне жолдай аласыз.

Сіздерге қалай серіктес бола аламыз?

Коммерциялық ұсынысыңызды info@small.kz электронды почтасына жолдаңыз. Қызығушылық танытқанда менеджерлеріміз сізбен байланысады.

Дүкеннен азық-түлік жеткізу қызметі бар ма?

Алматы, Астана, Павлодар мен Қостанай қалаларында жеткізу қызметін серіктесіміз Glovo атқарады. Толығырақ білу үшін басыңыз. Алматы қаласында JysanBank ұсынған жеткізу қызметі және декоративті косметика, тұрмыстық химия мен үйге арналған тауарларды ұсынатын Tvoy.kz интернет-дүкеніміз жұмыс істейді.

Дүкен кассасында тауарымды ұмытып кеттім. Не істеуім керек?

Кассадан табылған тауар кезекші менеджерге беріледі. Сатып алған дүкенге барып, чек көрсетіп, кезекші менеджерге сізге қызмет көрсеткен кассаның нөмірін айтыңыз.

Сақтау жәшігінде тауарымды ұмытып кеттім.

Не істеу керек. Дүкенге кез келген уақытта келіп, нөмірді пайдалана отырып шкафтағы затыңызды алып кете аласыз. Егер ұмытқан затыңызды ертесінде алуды жоспарласаңыз, ол туралы care@small.kz адресіне жазыңыз, немесе 8 800 070 7170 жедел желі нөміріне хабарлассыңыз, біз ескертіп қоямыз

Кассада алмаған затымды есептеп жіберген, ақшамды қалай қайтарсам болады?

Сол дүкенге чекпен келіңіз, сомадағы айырмашылықты қайтарады.

Алкоголь және темекі өнімдерін алғанда сатушы қандай жағдайда жеке куәлік көрсетуін талап ете алады?

Қазақстан Республикасының 07.07.2020 ж. № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, алкоголь қнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін, қорқорға арналған темекі, темекі қыздыруға арналған жүйелер, электронды қолдану жүйесі мен оларға арналған сұйықтықты сатуды іске асыратын тұлғалар:
1) жеке тұлғасын растайтын құжатты талап етуге;
2) жеке тұлғасын растайтын құжат көрсетілмеген жағдайда алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін, қорқорға арналған темекі, темекі қыздыруға арналған жүйелер, электронды қолдану жүйесі мен оларға арналған сұйықтықты сатудан бас тартуға міндетті.
Осылайша сатушы алкгооль және темекі өнімдерін сатқанда жеке тұлғасын растайтын құжатты талап етуге міндетті.

Тауар сапасы, сауда орындарындағы сервис, дүкендер мен жабдықтардың техникалық жағдайы, акциялар мен ниеттестік бағдарламаларына қатысу секілді басқа да сұрақтар бойынша 8 800 070 7170 жедел желі нөміріне қоңырау шалыңыз немесе төмендегі үлгіні толтырыңыз.
*Нақты байланыс тізімін байланыс парақшасынан таба аласыз.

Бізге жазыңыз

Check

Ваше сообщение отправлено
Мы постараемся ответить вам как можно скорее!

Связаться с нами по
любым вопросам