Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Дербес деректерді өңдеу және құпиялылық саясаты

Бұл Дербес деректерді өңдеу және құпиялылық саясаты SMALL сауда желісіның сайтындағы дербес және басқа да деректерді өңдеу және пайдалану тәртібін реттейді (ары қарай – Сайт әкімшілігі). Осы Құпиялылық саясатының қолданыстағы редакциясымен танысып шығу қолжетімді және https://www.small.kz
адресі бойынша интернет желісіне салынған. Сайт әкімшілігіне Сайт арқылы дербес және басқа да мәліметтерді бере отырып Қолданушы осы Құпиялылық саясатына көрсетілген шарттар негізінде берілген деректерді қолдануға өз келісімін растайды. Егер Қолданушы осы Құпиялылық саясатының шарттарымен келіспесе, ол Сайтты қолдануды тоқтату керек.

1.ТЕРМИНДЕР

1.1. Сайт - https://www.small.kz адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан сайт.
Сайттың айрықша құқығы мен оның жекелеген элементтерінің (бағдарламалық қамсыздандыру, дизайнын қоса алғанда) барлығы Сайт әкімшілігіне толықтай тиесілі.
1.2. Қолданушы — Сайтты пайдаланатын тұлға.
1.3. Сайт әкімшілігі – SMALL сайда желісінің атынан жұмыс істейтін Сайтты басқаруға өкілетті қызметкерлер, олар дербес мәліметті өңдеуді іске асырады, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсатын, өңдеуге жататын дербес мәліметтер құрамын, дербес мәліметтермен жасалатаны әрекеттерді (операцияларды) анықтайды.
1.4. Заңнама — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
1.5. Дербес деректер — Қолданушы Сайтқа тіркелгенде немесе фунукционалды қолдану барысында өзі беретін Қолданушының дербес деректері.
1.6. Тіркелу — Қолданушының Сайтта орналасқан Тіркелу нысанына қажетті деректерді көрсету және сканерленген құжаттарды жолдау арқылы толтыруы.
1.7. Тіркелу нысаны — Сайтта орналастырылған нысан, оны Қолданушы сайтты толық көлемде пайдалану мүмкіндігі үшін толтыруы қажет.
1.8. Қызмет(тер) — Келісім негізінде Оператор көрсететін қызметтер.

2. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

2.1. Әкімшілік Қызмет көрсетуге және Қолданушымен өзара іс-әрекеттер үшін қажетті Дербес деректерді ғана жинайды және сақтайды.
2.2. Жек емәліметтер келесі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін:
2.2.1 Қолданушыға Қызмет көрсету;
2.2.2 Қолданушының сәйкестендіру;
2.2.3 Қолданушымен өзара әрекеттестік;
2.2.4 Қолданушыға жарнамалық материалдарды, ақпараттар мен сауалдарды жолдау;
2.2.5 статистикалық және басқада зерттеулерді жүргізу;
2.3. Сайт әкімшілігі сонымен қатар келесі деректерді өңдейді: есімі, тегі, электронды почта адресі және телефон (ұялы) нөмірі.
2.4. Қолданушыға Сайтта үшінші бір тұлғаның дербес деректерін көретуге тыйым салынады (осындай әрекетті жүзеге асыру үшін үшінші тұлғаның құжаттың растамасы болғанда сол тұлғалардың мүддесін таныту талабын қоспағанда).

3. ДЕРБЕС ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТӘРТІБІ

3.1. Сайт әкімшілігі Дербес деректерді Қазақстан Республикасының «Дербес мәліметтер туралы» заңы және Сайт әкімшілігінің ішкі құжаттарына сәйкес қолдануға міндетті.
3.2. Қолданушының жалпыға қолжетімді ретінде көрсеткен мәліметтерінен басқаса Дербес деректері және басқа да мәліметтеріне қатысты құпиялылық сақталады,
3.3. Сайт әкімшілігі Дербес деректердің мұрағаттық көшірмесін сақтауға құқылы.
3.4. Сайт әкімшілігі Дербес деректерді және Қолданушының деректерін Қолданушының келісімінсіз келесі тұлғаларға беруге құқылы:
3.4.1 мемлекеттік органдарға, оның ішінде анықтау және тергеу органдарына, және айғақты сұранымы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;
3.4.2 Қазақстан Респуликасының қолданыстағы заңнамасында тікелей қарастырылған басқа жағдайларда.
3.5. Сайт әкімшілігі осы Құпиялылық саясатының 3.4. тармағында көрсетілмеген үшінші тұлғаларға Дербес деректер мен Мәліметтердң келесі жағдайларда беруге құқылы:
3.5.1 Қолданушы сондай әрекетке өз келісімін бергенін білдіргенде;
3.5.2 Сайт қолданушының пайдалану және Қолданушыға Қызмет көрсету шеңберінде беру қажет болған жағдайда.
3.6. Сайт әкімшілігі Дербес деректер мен Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуді іске асырады.

4. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚОРҒАЛУЫ

4.1.Сайт әкімшілігі Заңнамаға сәйкес Дербес және басқа да деректерді тиісті түрде қорғауды іске сырады және Дербес деректерді қорғау үшін ұйымдастырушылық және мехникалық шараларды қажетті әрі жеткілікті деңгейде қабылдайды.
4.2.Қолданылатын қорғау шаралары оның ішінде Дербес деректерге заңсыз және кездейсоқ қолжеткізу, жою, өзгерту, бұғаттау, көшірмелеу, таратудан, сондай-ақ үшінші бір тұлғалардың басқа да заңсыз әрекетінен сақтауға мүмкіндік береді.

5. БАСҚА ДА ЕРЕЖЕЛЕР

5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Қолданушы мен Сайт әкімшілігі арасындағы Құпиялылық саясатын қолдануға қатысты туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын пайдалану жатады.
5.2. Осы Келісімнен тарайтын орын алуы мүмкін даулар Сайт әкімшілігі тіркелген жердегі қолданылатын заңнамаға сәйкес шешілуге жатады.
Қолданушы сотқа жүгінбес бұрын сотқа дейінгі міндеті тәртіпті сақтауы тиіс және Операторға тиісті шағымын жазбаша түрде жолдауы керек. Шағымға жауап беру мерзімі ¬– 30 (отыз) жұмыс күн.
5.3. Егер қандайда бір себептермен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз және заңдық күші жоқ деп танылса, бұл Құпиялылық саясатының басқа да ережелерінің жарамдылығы мен қолданылуына әсер етпейді.
5.4. Сайт әкімшілігі Құпиялылық саясатын (толық немесе ішінара) Қолданушымен алдын ала келіспей, біржақты тәртіпте кез келген уақытта өзгертуге құқылы. Барлық өзгертулер Сайтқа жариялаған сәттен бастап енгізіледі.
5.5. Қолданушы қолданыстағы редакциясымен танысу арқылы Құпиялылық саясатындағы өзгерутерді өзі бақылауға міндетті.
5.6. Қолданушы таратылатын жарнаманы алудан сайттағы жеке кабинеті немесе электронды хат арқылы бас тартуға құқылы.
5.6. Осы Құпиялылық саясатына қатысты барлық ұсыныс пен сұрақтарды care@small.kz электронды почтасына жолдауға болады.