Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Жаңа дүкен ашу үшін үнемі бос сауда орындары қажет. Сондықтан біздің талаптарымызға сай келетін орындар ұсынсаңыздар қуанамыз. Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларында дүкендерімізді орналастыру үшін сауда орындарын жалға алу және сатып алу бойынша ұсыныстарды қарастырамыз

Техникалық талаптар:

Ауданы:  600 м2 бастап, жалпы: 350-ден 3000 м2 дейін

Сауда залы:  абзалы бір көлемді, төбесі 2,5 метрден аласа емес, сауда залының орынды конфигурациясы – дұрыс тік төртбұрыш, еркін жоспарланған, кешенді аралық қабырғалары салынбаған

Қойма:  сауда залына кіруге болатын және тауарды бөлек есіктен кіргізуге мүмкіндігі бар орынжай, ғимараттың артқы жағына тауар тиелген көліктен жүкті түсіруге арналған қақпа немесе кемінде бір үлкен жүк тиегіш көліктен жүк түсіруге мүмкіндік беретін дебаркадер болуы керек

Ғимараттың алдыңғы жағы:  көшеге, алаңға шығатын, жарнаманы орналастыруға ыңғайлы, көлік қиылыстарынан, қоғамдық көліктердің аялдамаларынан көрінетіндей болуы керек

Электр қуат-көзі:  міндетті түрде орнатылатын қуаттылық 90 кВт басталуы керек, электр қуатын арттыру мүмкіндігі қабыл алынады

Жер учаскелерінің орналасқан жеріне қойылатын талаптар:

  • Ірі автомагистральдар қиылысы;
  • Көлік тораптарының жақындығы;
  • Жеке және қоғамдық көлікпен жету ыңғайлылығы, жаяу жүру трафигінің жоғарылығы;
  • Автотұрақтың болуы;
  • Жүк түсіру торабына ыңғайлы әрі бос кіру жолының болуы

Келісімшарт қатынастарына қойылатын талаптар (жалға алған жағдайда):

  • Ұзақмерзімді жалға алу келісімшарты 5 жылдан аса;
  • Жалға алу келсімшартында Компания дүкендерін қойылған тауардың барлық тобымен шектеусіз сатуға және қосалқы жалгерлерді орналастыру қарастырылуы тиіс
rent-img
rent-img
rent-img
rent-img

Жалдау бөлімімен
байланысу

Алматы + ВКО

Шәмшиден Қайрат

+7 771 726 6088 k.shamshiden@small.kz