Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Екінші жүздікке қадам бастық!

Small & Skif сауда желісі  100-дүкенін ашты. Ол - Қаскелең қаласындағы Skif дискаунтері. Сауда желісі келесі бір дүкенді ашқанда жақын аудандардағы тұрғындардың сұранысын назарға алады.  Қаскелең қаласының тұрғындары дүкенде сүт өнімдерінің сан түрін, Small өндірісінде піскен ыстық нан, бакалея мен консерві, кондитерлік өнімдер мен алкогольді сусындардың алуан түрін, сондай-ақ тұрмыстық химия бұйымдарын ала алады. 

Small  бір айда 4 млн келушіге қызмет көрсетеді. Small супермаркет және премиалды супермаркет форматын, Skif дискаунтерін, сусындар дүкенін дамытып келеді. Жалпы сұрыпталымы 40 мыңнан аса тауар аталымынан тұрады. Компанияда 2 мыңнан аса жеткізуші бар. SMALL & SKIF инфрақұрылымы - өзіндік өндіріс, дамыған логистика, 120-дан аса көлік бірлігі. 

Компания клиентке бағытталған стандарттарды қатаң ұстанады. Дүкендердегі сұрыпталымды кеңейту, SMALL-дың жеке аспаздығын дамыту, сатып алушылар үшін жаңа сервисті жасауға басымдық танытады. Дүкендерде өзіне өзі қызмет көрсетуге арналған кассалар істейді, кафе аумағы да бар.

100-дүкен - бұл бастамасы ғана. Осы аптада Семей қаласында тағы бір SMALL супермаркетін ашу жоспарланған.  SMALL&Skif  сауда желісі өркендеуде әрі екінші жүздікке сеніммен қадам басып отыр.