Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Соғыс жалмаған балалық. ҰОС ардагерлерінің әңгімесі

SMALL&Skif үшін әлеуметтік жауапкершілік деген жай ғана сөз емес, бұл Компаниядағы корпоративтік құндылықтардың ажырамас бөлігі. Оның қарамағындағы әлеуметтік мекемелер қатарында балалар үйі, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтар, көп балалы отбасыларға көмек және т.б. бар.  Сондай-ақ, SMALL&Skif  ай сайын Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Федорвна Толстыхқа көмек көрсетеді. 
- Ольга Федоровна соғыс жылдарында туған, тылда еңбек еткен, Компания көп жылдан бері қамқорлыққа алып, көмек көрсетіп келеді, - дейді Маркетинг департаментінің директоры  Рустам Шакаев. - Әр айдың бірінде азық-түлік жинағын жеткіземіз, ал 9 мамыр Жеңіс күнінде арнайы барып, мерекемен құттықтаймыз.  


       

Биыл 9 мамыр ерекше болды. Ольга Федоровнаға гүлдесте, балкүлше, қажетті азық-түлік топтамасын, сондай-ақ жеміс-жидек себеті мен 200 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауы бар сыйлық конвертін ұсындық. 
Жеңіс күнімен құттықтап, денсаулық пен ұзақ өмір тілеп, басынан кешкен оқиғасын баяндап беруін өтіндік. Мән-жайға қанық болдық.

Ольга Федоровна әскери қызметкерлер отбасында туған. Ол 13 жасқа толғанда туған өлкесі Валуйкада (Ресей, Белгород облысы) соғыс басталған. Ольга Федоровнаның әкесі бірден майданға аттанған, ал оның артынан байланысшылар мектебін аяқтаған әпкесі Валентина да майданға кеткен.  Фашистер әскері шабуылдағанда бейбіт тұрғындарды Сібірге жөнелткен, одан соң аштық пен Жеңіс үшін қалжыратқан жұмысты бастан кешкен. 

- соғыс жылдарындағы аштық пен сібірдің қақаған суығын 13 жасымда сездім, оған біз дайын емес ек, - деді Ольга Федоровна, - қиыншылықта шөпті де жеуге тура келді. Күндіз үлкендермен қатар жұмыс істедік, ал кешке сабақ оқыдық. Бізге Мәскеу мен Лининградтан эвакуацияланған профессорлар сабақ берді. Сол дана ұстаздардың арқасында жақсы білім алып, Мәскеу экономика-статистикалық институтына (МЭСИ) оқуға түстім. 

 


 Сол Мәскеуде, академияның қабырғасында Ольга Федоровна болашақ жары - батыр, капитан, танкист Владимир Михайловичпен танысты.  Оқуды аяқтаған соң Владимир Михайлович Ольга Федоровнаны туған жері Қазақстан алып кетті, мұнда ҚазКСР Орталық статистикалық басқармасында үлкен еңбек жолынан өтті. Зейнетке шыққан соң Ольга Федоровна Қазақстан ғылым академиясы Экономика институтында сабақ берген, одан соң Алматы қаласы Медеу ауданы әкімдігінде жұмыс істеген. Қызмет атқарған жылдары мадақтамалар, мақтау қағаздары, грамоталар мен кәсіби марапаттар табысталған.


 

Қазір Ольга Федоровна 95 жаста. Бойындағы еңбексүйгіштігі, өмірге құштарлығы мен мейірім-махаббаты - өскелең ұрпаққа үлгі. Компания Ольга Федоровнаны Жеңіс күні мерекесімен құттықтайды және мықты денсаулық тілейді!