Ariel және Tide ұтысқа салған кір жуғыш машина ұтып ал!

Акцияның өткізілу ережелері.

Акция Қатысушысы болу үшін және Жүлде ұтып алу мүмкіндігін алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • 01.11.2020 ж. – 30.11.2020 ж. аралығында SMALL&Skif бөлшек сауда желісі дүкендерінен бір чекте 3 000 теңгеден жоғары сомаға кез келген Ariel немесе Tide өнімін қоса сатып алып, чекке берілген слипі бар кассалық чекті (чектің жыртпалы бөлігін) сақтап қою қажет
  • Соңғы күнді қоса 01.11.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00) – 30.11.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:59) аралығында 2081 қысқа нөміріне келесі форматтағы* мәтіні бар SMS жіберу:

TDA Кассаның нөмірі Чектің нөмірі

*Кассаның нөмірі мен чектің нөмірі кассалық чектің слипінде көрсетілген, SMS-хабарламада кассаның нөмірі мен чектің нөмірін бос орын қалдыру арқылы көрсету қажет.

Кодтың үлгісі: TDA 12345678 123456

  • SMS жауапта кодтың сәтті тіркелгені туралы растау-хабарлама алу керек.

SMS жібергені үшін төлем алынбайды.

Бір кассалық чек пен слипті (чектің жыртпалы бөлігі) Акцияға қатысу үшін Акцияның бүкіл өткізілу мерзімінде бір рет қана тіркеуге болады.

Қатысушы Акцияға шексіз қатыса алады (1-т. көрсетілген ережелерді орындау шарт).

Акцияның бүкіл өткізілу мерзімінде Жүлделерді алу үшін чекті бір рет қана пайдалануға болады, ал егер бір кассалық чек бойынша бірнеше Тауар сатып алынған болса, онда Акцияға қатысу үшін осы чек бойынша сатып алынған бір затты ғана пайдалану қажет.

1-т. көрсетілген шарттарды орындаған тұлға осы Акцияға қатысуға берген келісімін және Акция Ережелерімен толық келісетінін растайды, сондай-ақ оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді.

Жүлде қоры келесілерден тұрады:

Бірінші деңгей Жүлдесі – Samsung WF8590NLW9DYLD кір жуғыш машинасы – 10 (он) жүлде.

Екінші деңгей Жүлдесі:

 – Tide Сolor кір жуғыш капсулалары (қаптамада 60 д.) – 50 (елу) жүлде.

– Ariel Color кір жуғыш капсулалары (қаптамада 60 д.) – 50 (елу) жүлде.

Жүлде алатын Акция Жеңімпаздары келесі жолмен анықталады:

  • Соңғы күнді қоса 01.12.2020 – 08.12.2020 аралығындағы Қатысушылар тізімі құрылады: әрбір Қатысушыға Ережелердің 1-т. сәйкес 2081 қысқа нөміріне жіберілген SMS кезектілігіне сәйкес жеке реттік нөмір беріледі.
  • Әрі қарай соңғы күнді қоса 01.12.2020 – 08.12.2020 аралығында келесі сызба бойынша 10 (он) Жеңімпаз – Бірінші деңгей Жүлдесінің иегерлері анықталады:

N1 = A*B

N2 = A*C

N3 = A*D

N4 = A*E

N5 = A*F

N6= A*G

N7= A*H

N8= A*I

N9= A*J

N10= A*K

мұндағы,

N – Базадағы Өтінімнің реттік нөміріне сәйкес келетін сан (бүтінге дейін дөңгелектелген)

A – Базадағы Өтінімдердің жалпы саны

B – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі гривнаның теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

C – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі еуроның теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

D – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі чех кронасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

E – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

F – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

G – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі норвег кронасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

H – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі түрік лирасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

I – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі швед кронасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

J – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі швейцар франкының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі;

K – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі жапон йенасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

  • Әрі қарай соңғы күнді қоса 01.12.2020 – 08.12.2020 аралығында келесі сызба бойынша 100 (бір жүз) Жеңімпаз – Екінші деңгей Жүлдесінің иегерлері анықталады: Базадағы** әр 3-Өтінім ұтысты деп жарияланады, ал осы Өтінімді жіберген Қатысушы Жеңімпаз деп жарияланып, Екінші деңгей Жүлдесін алады.

**Базадан Жеңімпаздар – Бірінші деңгей Жүлдесінің иелері ретінде анықталған Қатысушылардың барлық Өтінімдері жойылады.

Бұл ретте Екінші деңгей Жүлделерінің саны шектеулі және 100 (бір жүз) жүлдені құрайды.

Өтінімдер ұтысты деп танылған алғашқы 50 Қатысушы, ал осы өтінімдерді жіберген Қатысушылар – Жеңімпаздар және Екінші деңгей Жүлдесінің иелері деп танылады, олар Tide Сolor кір жуғыш капсулаларын алады (қаптамада 60 д.).

Өтінімдер ұтысты деп танылған екінші 50 Қатысушы, ал осы өтінімдерді жіберген Қатысушылар – Жеңімпаздар және Екінші деңгей Жүлдесінің иелері деп танылды, олар Ariel кір жуғыш капсулаларын алады (қаптамада 60 д.).

Ұтыс туралы Акция Ұйымдастырушысы Жеңімпаздарға Қатысушының қатысу үшін 2081 қысқа нөміріне жіберген SMS арқылы жіберген өтінімінде көрсеткен байланыс телефон нөміріне хабарлайды.

Акция Ұйымдастырушыларынан Жүлдені ұтып алғаны туралы хабарлама алған жағдайда, Жеңімпаз ұтыс туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 күн ішінде alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне хат жібереді. Хат келесіден тұрады: 

• Сатып алынған затты растайтын барлық чектер мен оларға берілген слиптердің фотосы/скан көшірмелері

• Байланыс деректері (Аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, индексі көрсетілген пошталық мекенжайы)

• Жеке куәліктің скан көшірмесі/көшірмесі 

МАҢЫЗДЫ! Егер деректер осы тармақта көрсетілген мерзімде алынбаса (Жеңімпаз деректерді беруден бас тартса немесе толық емес/дұрыс емес деректерді берсе), Ұйымдастырушы келесі реттік нөмірлі Қатысушыны Жеңімпаз ретінде таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Соңғы күнді қоса 21.12.2020 ж. дейін Жеңімпаздарды жариялау, жеңімпаздар тізімі SMALL&Skif бөлшек сауда желісінің https://www.instagram.com/small_kz/ Instagram әлеуметтік желісі аккаунтындағы Stories-ке орналастырылады.  

Акция Жүлделерін беру мерзімі: соңғы күнді қоса 31.12.2020 ж. дейін.

Акцияны ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша дүйсенбі-жұма күндері, сағат 10.00 – 19.00 аралығында Ұйымдастырушының +7 771 718 26 32 телефонына хабарласуға болады.

Акцияның толық Ережелерін care@small.kz электрондық адресіне өтінім-хат жіберіп немесе www.small.kz сайтының басты бетінде кері байланыс нысанын толтырып, SMALL&Skif бөлшек сауда желісі дүкендерінен, сондай-ақ Акцияның alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне өтінім-хат жіберіп, Акция Ұйымдастырушысынан сұратуға болады.