Қаһармандарға Қолдау көрсетейік

«Қаһармандарға Қолдау көрсетейік» баспасөз хабарламасы

Schwarzkopf «Қаһармандарға Қолдау көрсетейік» акциясын бастайды.

Өздеріңіз білетіндей, пандемия кезінде дәрігерлер бүкіл әлем бойынша миллионнан астам адамның өмірін қиған қорқынышты аурумен күресуде бірге-бір болуға мәжбүр болды.

Бүгінгі таңда қорғаныс құралдарына деген қажеттілік әлі де сақталуда, әсіресе бұрынғыдай жұқтыру қаупі жоғары медициналық мекемелерде. Сондықтан, 2020 жылдың 12 қазанынан 6 желтоқсанына дейін Schwarzkopf "Мейірімділік" қоғамдық қорымен бірлесе отырып акцияны бастайды, оның аясында қорғаныс құралдары сатып алынады және медициналық мекемелерге беріледі*.

Schwarzkopf** өнімін SMALL&Skif желісінің дүкендерінен сатып ала отырып, сіздің дәрігерлерді қолдауға арналған қорға 20 теңге аударуыңызға кепілдік беріледі.

Schwarzkopf және SMALL&Skif пандемия кезінде адам өмірлерін сақтап қалған медицина қызметкерлеріне алғысын білдіреді және олардың жанқиярлық жұмысын қауіпсіз етеді деп үміттенеді.

*Бір реттік қорғаныс комбинезоны

Бір рет қолданылатын халаттар

Бахилалар

Бір рет қолданылатын маскалар

Бір рет қолданылатын медициналық қалпақтар

Респираторлар

Зарарсыздандырылмаған қолғап

Зарарсыздандырылған қолғап

ӨЖЖ

Оттегі концентраторлары

Флуометр (Бобров аппараты)

Пульсоксиметр

Автоматтандырылған шприцті мөлшерлегіш

Көпфункционалды медициналық төсек жанындағы пациент мониторы

Медициналық сорғыш

Оттегі канюлясы (мұрын жолы)

Оттегі маскасы  

**Schauma, Gliss Kur, got2b, Taft, Palette, Luminance, Perfect Mousse