SMALL&Skif желісінде Head&Shoulders-тен 1 миллион теңге ұтып ал!

Акцияның өткізілу ережелері.

1. Акция Қатысушысы болу үшін және Жүлде ұтып алу мүмкіндігін алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • Cоңғы күнді қоса 15.09.2020 ж. – 15.10.2020 ж. аралығында SMALL&Skif бөлшек сауда желісі дүкендерінен бір чекте 1 999 теңгеден жоғары сомаға кез келген Head&Shoulders өнімін сатып алып, слипі бар кассалық чекті (чектің жыртпалы бөлігі) сақтап қою

  • Соңғы күнді қоса 15.09.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00) – 15.10.2020 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:59) кезеңде 2081 қысқа нөміріне келесі форматтағы* мәтіні бар SMS жіберу:

HDS Кассаның нөмірі Чектің нөмірі

*Кассаның нөмірі мен чектің нөмірі кассалық чектің слипінде көрсетілген, SMS-хабарламада кассаның нөмірі мен чектің нөмірін бос орын қалдыру арқылы көрсету қажет.

Кодтың үлгісі: HDS 12345678 123456

  • SMS жауапта кодтың сәтті тіркелгені туралы растау-хабарлама алу керек.

SMS жібергені үшін төлем алынбайды.

2. Бір кассалық чек пен слипті (чектің жыртпалы бөлігі) Акцияға қатысу үшін Акцияның бүкіл өткізілу мерзімінде бір рет қана тіркеуге болады.

3. Қатысушы Акцияға шексіз қатыса алады (1-т. көрсетілген ережелерді орындау шарт).

4. Акцияның бүкіл өткізілу мерзімінде Жүлделерді алу үшін чекті бір рет қана пайдалануға болады, ал егер бір кассалық чек бойынша бірнеше Тауар сатып алынған болса, онда Акцияға қатысу үшін осы чек бойынша сатып алынған бір затты ғана пайдалану қажет.

5. 1-т. көрсетілген шарттарды орындаған тұлға осы Акцияға қатысуға келісімін және Акция Ережелерімен толық келісімін растайды, сондай-ақ оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісімін береді.

6. Жүлде қоры келесілерден тұрады:

1 100 000 теңге мөлшерінде Ақшалай жүлде, соның ішінде – 1 000 000 теңге Жеңімпаздың шотына аударылады, ал 100 000 теңге мөлшеріндегі сома Акция ұйымдастырушысымен ЖТС ретінде ұсталады және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 655-бабын орындау үшін салық органдарына аударылады.

Бүкіл Акциядағы жүлделер саны – 1 жүлде.

7. Жүлде алатын Акция Жеңімпаздары келесі жолмен анықталады:

  • Соңғы күнді қоса 16.10.2020 – 23.10.2020 аралықтағы кезеңде Қатысушылар тізімі құрылады: әрбір Қатысушыға Ережелердің 1-т. сәйкес 2081 қысқа нөміріне жіберілген SMS кезектілігіне сәйкес жеке реттік нөмір беріледі.

  • Әрі қарай соңғы күнді қоса 16.10.2020 – 23.10.2020 аралықтағы кезеңде келесі жолмен 1 (бір) Жеңімпаз анықталады:

N = A*B

мұндағы,

N – Базадағы Өтінімнің реттік нөміріне сәйкес келетін сан (бүтінге дейін дөңгелектелген)

A – Базадағы Өтінімдердің жалпы саны

В – Жеңімпаздарды анықтау күніндегі чех кронасының теңгеге шаққандағы бағамының (Қазақстанның Ұлттық банкінің деректері бойынша) бөлшек саны, ол арифметика ережелері бойынша үтірден кейін 2 таңбаға дейін дөңгелектеледі.

Ұтыс туралы Акция Ұйымдастырушысы Жеңімпаздарға Қатысушының қатысу үшін 2081 қысқа нөміріне жіберген SMS арқылы жіберген өтінімінде көрсеткен байланыс телефон нөміріне хабарлайды.

8. Акция Ұйымдастырушыларынан Жүлдені ұтып алғаны туралы хабарлама алған жағдайда, Жеңімпаз ұтыс туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 күн ішінде alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне хат жібереді. Хат келесіден тұрады:

Сатып алынған затты растайтын барлық чектер мен оларға берілген слиптердің фотосы/скан көшірмелері

Байланыс деректері (Аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, индексі көрсетілген пошталық мекенжайы)

Жеке куәліктің скан көшірмесі/көшірмесі

МАҢЫЗДЫ! Егер деректер осы тармақта көрсетілген мерзімде алынбаса (Жеңімпаз деректерді беруден бас тартса немесе толық емес/дұрыс емес деректерді берсе), Ұйымдастырушы келесі реттік нөмірлі Қатысушыны Жеңімпаз ретінде таңдау құқығын өзіне қалдырады.

9. Соңғы күнді қоса 01.11.2020 ж. дейін Жеңімпаздар жарияланады, Акция нәтижелері www.small.kz сайтында орналастырылады.

10. Акция Жүлделерін беру мерзімі: соңғы күнді қоса 15.11.2020 ж. дейін.

11. Акцияны ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша дүйсенбі-жұма күндері, сағат 10.00 – 19.00 аралығында Ұйымдастырушының +7 771 718 26 32 телефонына хабарласуға болады.

12. Акцияның толық Ережелерін care@small.kz электрондық адресіне өтінім-хат жіберіп немесе www.small.kz сайтының басты бетінде кері байланыс нысанын толтырып, SMALL бөлшек сауда желісі дүкендерінен, сондай-ақ Акцияның alidi.promo.kz@yandex.ru электрондық адресіне өтінім-хат жіберіп, Акция Ұйымдастырушысынан сұратуға болады.