Barni-ден науқан

Акцияның жалпы мерзімі:2020 жылғы 28 қыркүйектен- 2020 жылғы 25 қазанға (соңғы күнді қоса алғанда).

Акцияға қатысу үшін Акциялық өнімді сатып алу мерзімі: соңғы күнді қоса алғанда
2020 жылғы 28 қыркүйектен - 2020 жылғы 25 қазанға.

Кодтарды Сайтқа тіркеу мерзімі: 2020 жылғы 28 қыркүйекте сағат 00:01 – 2020 жылғы 25 қазанға (соңғы күнді қоса алғанда) сағат 23:59 аралығында.

Жүлделерді табыстау мерзімі: 6 қазан – 31 желтоқсан 2020 ж. (соңғы күнді қоса).

Жоғарыда көрсетілген мерзімдердің барлығы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен есептеледі.

 

Акцияға қатысу үшін Акция мерзімі ішінде (соңғы күнді қоса 28.09.2020 – 25.10.2020 ) келесі әрекеттерді жасау қажет:

    1. Акциялық өнімді Small & Skif супермаркеттер желісінің кез-келген дүкенінен сатып алыңыз.

    2. Кассадан бірегей кодпен фискалды түбіртек алыңыз);

    3. Сайтта сұратылатын ақпаратты тіркеу нысанының сәйкес жолдарына енгізу арқылы www.barni-promo.kz сайтына тіркелу керек;

Сайтқа сәтті тіркелген жағдайда Акцияға сәтті тіркелу туралы қалқыма хабарлама көрсетіледі.

Сайтта жолдарды қате толтырған жағдайда ақпарат қате енгізілгені туралы қалқыма хабарлама көрсетіледі. Бұл жағдайда Қатысушы ақпаратты дұрыс енгізіп, «Жіберу» батырмасын қайтадан басу қажет.

Сайтта Қатысушының сәтті тіркелу жайты оның осы Ережелердің шарттарымен келіскендігін растайды. Қатысушылардың Акцияның ресми Ережелерін білмеуі оны орындамағандары үшін жауапкершіліктен босатпайды;

    1. Әрі қарай Сайтта, Қатысушының жеке кабинетінде Бірегей кодты тіркеу керек.

Акцияны өткізу ережелері www.barni-promo.kz сайтында жарияланған.

Акция Ұйымдастырушысы Акцияны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер күшіне енгенге дейін үш күнтізбелік күн бұрын Акция Қатысушыларын Сайтта алдын ала хабардар ете отырып, осы Акцияның шарттарын өзгертуге құқылы.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын кәмелетке толған әрекет етуге қабілетті тұлғаларға (16 жастан асқан) және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтарына Акцияға қатысуға рұқсат беріледі.

Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері мен өкілдеріне, онымен үлестес тұлғаларға, осындай қызметкерлер мен өкілдердің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Акцияны өткізуді ұйымдастыруға қатысы бар басқа да заңды тұлғалардың қызметкерлеріне қатысуға тыйым салынады.

Акцияға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар қатыса алады.

Акцияға Акцияның қысқаша шарттары орналастырылған промоқаптамада шығарылатын Barni® тауар белгісінің төмендегі өнімі (осы жерде, жоғарыда және мәтін бойынша әрі қарай – «Акциялық өнім») қатысады:

Атауы және салмағы

1

Бананды Барни бисквиті, 150 г

2

Шоколад және жаңғақ Барни бисквиті, 150 г

3

Құлпынай және ваниль Барни бисквиті, 150 г

4

Шоколадты Барни бисквиті Қара шоколад бөліктері қосылған салмалы Фан Сэндвич, 180 г

5

Шоколадты Барни бисквиті Какао қосылған және қара шоколад бөліктері қосылған салмалы Фан Сэндвич, 180 г

6

Шоколадты Барни бисквиті, 150 г

7

Сүтті Барни бисквиті, 150 г

8

Өрік қосылған Барни бисквиті, 150 г

Акцияның жүлде қорына Кепілді, Апта сайынғы, Басты жүлделер кіреді.

  • Кепілді жүлде – «Барни» рюкзагы

Кепілді Жүлделердің жалпы саны шектеулі және Акцияның бүкіл кезеңіне 250 (екі жүз елу) данадан тұрады.

  • Апта сайынғы жүлде – Пенал

Апта сайынғы жүлделердің жалпы саны Акцияның бүкіл кезеңіне 200 (екі жүз) дана.

  • Бас жүлде – «Iphone 11 64Gb»

Бас жүлделердің жалпы саны – Акцияның бүкіл кезеңіне 1 (бір) дана.

Акцияны өткізу Мерзімінде және осы Ережелердің барлық шарттары мен талаптарына сәйкес келетін 6 (алты) Бірегей кодты Сайтта тіркеген Акция қатысушысы 1 (бір) «Барни рюкзагы» кепілді жүлдесін алады.

1 (бір) Акция Қатысушысы бүкіл Акция Мерзімі ішінде тек 2 (екі) Кепілді жүлде алуға құқылы.

6-Бірегей кодты тіркегеннен кейін қатысушының жеке кабинетінде Бірегей кодтар жиналып, қатысушыға кепілді жүлде берілгені туралы ақпараты бар поп-ап пайда болады. Қатысушы 6 (алтыншы) Бірегей кодты Жеке кабинетте тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы Қатысушының кепілді жүлдені алуы үшін қажетті ақпаратты анықтау үшін Сайтта тіркелген Қатысушының телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы сол Қатысушымен хабарласады.

Кепілді жүлдені алу үшін Қатысушы Ұйымдастырушының хабарламасын алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей келесі ақпаратты Ұйымдастырушыға barni.promo2020.KZ@gmail.com электрондық адресіне ұсынуы қажет:

  • Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);

  • Қолданыстағы жеке куәліктің/тұруға ыхтиярхаттың 2 жағынан түсірілген көшірмесі.

Қатысушының жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болуы тиіс

ҚР-да тұруға ыхтиярхатты куәландыратын құжатта шетел азаматының ЖСН көрсетілмеген жағдайда, ЖСН деректері қосымша беріледі;

  • Жүлдені жеткізу мекенжайы туралы ақпарат: пошта индексі, облыс, елдімекен, көше, үй, пәтер.

Егер Ұйымдастырушы Қатысушымен байланыса алмаса, Қатысушы Ұйымдастырушыға сұратылған құжаттарды және(немесе) ақпаратты ұсынудан бас тартқан немесе өзге де себептермен бермеген болса, не талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы жіберілмесе немесе құжаттардың жіберілген көшірмелерінің сапасы мұндай құжаттарды сәйкестендіруге мүмкіндік бермесе, онда мұндай Акцияға Қатысушы Кепілді жүлдені алу құқығын жоғалтқан деп есептеледі.

Аралық жүлделер Ұтыс ойыны Акцияның барлық Қатысушылары арасында апта сайынғы негізде өткізіледі.

Бүкіл Акция Мерзімі ішінде 4 (төрт) Апта сайынғы ұтыс ойыны өткізілетін болады.

Әр Апта сайынғы ұтыс ойынында 40 (қырық) Апта сайынғы жүлде ойнатылады.

1 (бір) Акция Қатысушысы бүкіл Акция Мерзімі ішінде тек 3 (үш) Апта сайынғы жүлде алуға құқылы.

Апта сайынғы ұтыс ойындарының күндері*: 06.10.2020ж., 13.10.2020ж., 20.10.2020ж., 27.10.2020ж..

*Апта сайынғы ұтыс ойындардың кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндерін ескере отырып, сондай-ақ Ұйымдастырушының қатысы жоқ жағдайлар басталған кезде түзетілуі мүмкін.

Акцияның бас жүлдесінің ұтыс ойыны 2020 жылдың 27 қазанында Акцияны өткізу Мерзімінде Бірегей кодты тіркеген және осы Ережелердің барлық шарттары мен талаптарына сәйкес келетін Акцияның барлық қатысушыларының арасында өтеді.

1 (бір) Акция Қатысушысы Акцияның бүкіл Кезеңінде 1 (бір) Бас жүлдені алуға құқылы.

Бас жүлде ұтыс ойыны қай күні өткізіледі?

Бас жүлде Ұтыс ойынын өткізу күні: 27 қазан 2020 ж.

Менің дербес деректерімді компания басқа мақсаттарда пайдалана алады ма?

Қатысушы Акцияға қатыса отырып, нақты әрі өзекті (анық) деректерді көрсетуге міндетті, сондай-ақ өз еркімен және өз мүддесінен әрекет ете отырып, Ұйымдастырушыға және Тапсырыс Берушіге келесі шарттарда жеке деректерін өңдеуге келісімін береді: жеке деректер осы Акцияны өткізуге байланысты тек Ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші ғана қолданады және осы Акцияға байланысты емес мақсаттарда ешқандай үшінші тұлғаларға берілмейді.

Келісім дербес деректермен келесі әрекеттерді жасау үшін беріледі: ҚР заңнамасымен, атап айтқанда, 2013 жылғы 21 мамырдағы №N 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңымен және осы Ережелермен көзделген жағдайларда және көлемде жинау, өңдеу, пайдалану, тарату. Қатысушылар Акцияға қатыса отырып, олардың Акцияны өткізу мақсаты үшін өз еріктерімен берген жеке деректерін Ұйымдастырушының/Тапсырыс берушінің, сондай-ақ олардың уәкілетті тұлғаларының деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын қолдануы арқылы өңделетініне Ұйымдастырушыға өз келісімдерін береді.