Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Жастарға ашылған даңғыл

Дарынды студенттерге мүмкіндік беріп, машығын іс жүзінде арттыру үшін SMALL&Skif әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастықты бастады. 

22 маусымда SMALL&Skif сауда желісі мен Экономика және бизнес жоғары мектебі "Экономика" кафедрасымен Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. 

"Осы Меморандум аясындағы мақсат пен шарттардың іске асырылуына біздің тараптап барлық жағдай жасалатынын ерекше атап өткім келеді. Әсіресе, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және қолданбалы машықты игеру; бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен оларды іске асыру, - деп пікір білдірді SMALL&Skif HR департаментінің директоры Татьяна Сиговатова. 

Дүкен желісі мен университет тәжірибелік сабақтар, дәрістер мен семинар өткізе отырып, өзара ынтымақтастық пен бірге әрекет етуге, жемісті жұмыс істеуге дайын. Мұндай ынтымақтастық студенттерге менеджмент, зерттеу,  әкімшілік процесте тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.