
8 наурыз игілік үшін
8 наурыз - көктемнің ғажап, жарқын, шуақты мерекесі. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Small&Skif сауда желісі "Шұғыла" көз мүгедектігі бар қарттардың сауығы бойынша қоғамдық бірлестігімен бірге мүгедек әйелдерді құттықтады. Бұл шараның мақсаты - мерекеде көңілдерін көтеріп, ұмыт қалғандай сезімде болмауына септесу. Себебі әрбір қыз-келіншек қамқорлық пен мейірімге, сүйіспеншілік пен қолдауға лайық ❤️