Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Халықаралық тұрмысы төмен жандарға көмек көрсету күні

19 желтоқсанда  Халықаралық  тұрмысы төмен жандарға көмек көрсету күні атап өтіледі. Дүние жүзінде көмекке мұқтаж жандарға септігін тигізгісі келетін адамдардың қатары аз емес.

Осы атаулы күнге орай SMALL&Skif сауда желісі "Шұғыла" ҚҰ бірдесім қарттар мен мүгедектерге азық-түлік себетін тарту ете отырып, көмек қолын созды.

    

 

Жібек жолы мешітімен бірлесіп Жібек жолы ауылының тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік жинағы беру арқылы көмек көрсетті.

   

 

"Мир и капелька Любви" ҚҚ бірлесіп көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға SMALL желісінде сауда жасау үшін 10 000 теңге номиналындағы сертификаттар табыс етіледі. 

   

 

Бұл мерекеге әрбір саналы, мейрібан адам кішкентай жақсылық жасап та үлес қоса алады. Айналамызда көмек қолын созса, аз ғана жәрдемдессе деген адамдар өте көп. Мейірім әлемді құтқарады, бір-бірімізге жылулық сыйлайық.