Тіркелу

Құпия сөзді жаңарту

Сайтқа кіру

Тіркелу

Жаңа жылда қуаныш сыйлаңыз!

Достар!

SMALL&Skif аяқталып жатқан жылы қайырымдылық қоры, балалар үйі, жануарларды паналататын жер, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қатысты жүзден аса өтінімді орындады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық деңгейде SMALL-дың қайырымдылық қызметіне қосқан үлесін атап өтті және бізге 2022 жылдың 21 қазанында "Жомарт жүрек" сыйлығын табыстады. Игі істердің бәрін SMALL сайтына жарияламасақ та SMALL жобасына қатысты жаңалықтарды жақсылық жасауға ниетті жандарды ынталандыру үшін жиі таратуға тырыстық!

Жаңа жыл қарсаңында жақсы жаңалықтармен бөліскіміз келеді. Сіздерді  биылғы жылды аяқтауға арналған, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек ретінде ұйымдастырылған қайырымдылық фестиваліне шақырамыз. Компаниямыз Балалар жылы шеңберінде  "Biz birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қорының ерекше балаларға арналған іс-шарасын қолдайды.

Фестиваль шығармашыл, дарынды балалар мен мүмкіндігі шектеулі және мүгедек жастарды, қазақ эстрадасының жұлдыздарын, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.

Фестивальдің басты хэдлайнерлері: ТНТ арнасындағы "Песнт" телевизиялық шоуының алғашқы маусым финалисі, Black Star Inc.лейбл артисі Hazima және Hunan TV телеарнасының танымал Singer 2017  телевизиялық шоуының жүлдегері Димаш Құдайберген. 
Өтетін күні мен орны: Астана қаласы, 26 желтоқсан 2022 жылы, сағат 19:00. "Барыс Арена" спорт кешені. 

Билеттерді kino.kz алыңыздар.

Біздің өзгелерге көмектесуге деген тілегіміз бен игі іс жасауға деген адал ниетіміз күшейіп, жұдырықтай жұмыла отырып,  жарқын, мейірімге толы, қуаныш кернеген және сүйіспеншілік орнаған әлемге айналдыра аламыз деп сенеміз!