Бізге жазыңыз

Список магазинов меняется в зависимости от выбранного на сайте города

Жиі қойылатын сұрақтар

SMALL супермаркеттерінде өткізілетін акциялар жайлы қайдан білуге болады?
Бұл ақпаратты сайтымыздағы бөлімнен таба аласыз (Сатып алушыларға->Акциялар)
SMALL супермаркетінде тауарларға жеңілдік қойылғаны туралы қайдан білуге болады?
Бұл ақпаратты сайтымыздағы бөлімнен (Сатып алушыларға ->Каталог) немесе Small&Skif мобильді қосымшамыздан біле аласыз.
Алкоголь және темекі өнімдерін алған кезде сатушы қандай жағдайда жеке куәлік көрсетуді талап ете алады?
ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылдың 07 шілдедегі #360-VI Кодексіне сәйкес алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықты сатуды жүзеге асырушылар міндетті:
  • 1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;
  • 2) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетпеген жағдайда алкоголь өнімдерін, сондай-ақ темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі өнімдерін, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, электронды тұтыну жүйелері мен оларға арналған сұйықтықты сатпауға.
Осылайша, сатушы алкоголь өнімдерін және темекі темекі өнімдерін сатқанда жеке басты куәландыратын құжатты талап етуге міндетті.
Мен дүкен кассасында тауарды ұмытып кеттім. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Кассадан табылған тауар кезекші менеджерге өткізіледі. Өтініш, сауда жасаған дүкенге барып, чекті көрсетіңіз немесе кезекші менеджерге сізге қызмет көрсетілген кассаның номерін хабарлаңыз.
Мен зат сақтайтын жәшікте тауарды ұмытып кеттім. Бұл жағдайда не істеу керек?
Сіз дүкенге кез келген уақытта келіп, нөмірді пайдалана отырып шкафтағы заттарыңызды алып кете аласыз. Егер ұмыт қалған затыңызды басқа бір күні алып кетуді жоспарласаңыз, ол жайында care@small.kz эл.почтасына жазыңыз, біз дүкен қызметкерлеріне ескертеміз.
Кассада мен алмаған затты да есептеп жіберген. Ақшамды қалай қайтаруға болады?
Сіз сауда жасаған дүкенге чекті алып барыңыз, сізге сомадағы айырманы қайтарып береді.

немесе поштаға жазыңыз

care@small.kz