Науқан

Жеңілдіктер шыңында!

2019 жылдың 25 наурызынан бастап 20 маусымына дейін LION SABATIER INTERNATIONAL пышақтары, ыдыс-аяқ пен аксессуарларына 60% жеңілдік

АКЦИЯ ШАРТТАРЫ:

  1. SMALL&Skif дүкендер желісінде кез келген сатып алулар жасаңыз, кассирден чектегі әрбір толық 2000 теңге үшін акцияның 1 фишкасын (мысалы: 2 100 теңге = 1 фишка, 4100 теңге = 2 фишка және т.б.) және фишкаларды жабыстыруға арналған буклетті алыңыз.

  2. Фишкаларды жинаңыз және оларды буклетке жабыстырыңыз.

  3. Кассада жабыстырылған фишкалардың қажетті саны бар буклетті ұсыныңыз және акциялық тауарды сатып алуға 60% жеңілдік алыңыз.

  4. Сіз жеңілдікпен акциялық тауарды сатып алғаннан кейін буклетіңізді кассир алып қалады. Акцияға қатысуды жалғастыру үшін жаңа буклет алыңыз.

  5. Акция жүргізілетін барлық кезең барысында акциялық тауарды бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға мүмкіндік болады, мұндай жағдайда кассирге буклет пен фишкаларды ұсыну талап етілмейді.

* Осы акцияға 18 және одан жоғары жастағы жеке тұлғалар ғана қатыса алады.

Фишкаларды беру және акциялық тауарды сату 2019 жылдың 25 наурызынан бастап 20 маусымына дейін жүргізіледі.

Назар аударыңыз! Сіз алған жеңілдік ақшалай өтемақымен ауыстырылмайды. Акциялар бойынша жеңілдіктер жеңілдіктердің басқа түрлерімен қосылып саналмайды. Акция жүргізілген кезеңде сауда залдарында акциялық тауардың толық сұрыпталымы уақытша жоқ болуы мүмкін, осы жағдайда наразылықтар қабылданбайды. Сатылымға қойылған акциялық тауардың сыртқы түрі оның жарнамалық материалдағы суретінен ерекшеленуі мүмкін. Тауардың саны шектелгендіктен, фишкаларды беру кезеңі және акцияларды өткізу мерзімі өзгертілуі мүмкін. Акцияның ұйымдастырушылары тауар толықтай сатылған жағдайда SMALL&Skif сауда объектілерінде және https://small.kz/ сайтында акция қатысушыларына арналған ақпаратты орналастыру арқылы бұл туралы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, акцияны мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өзіне сақтап қалады.

Тауар сертификатталған.