SMALL дүкендеріне БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

SMALL бөлшекті сауда нысандарына барудың осы Ережелері (бұдан әрі мәтін бойынша-Ережелер), SMALL деп аталатын (бұдан әрі мәтін бойынша-дүкен) фирмалық маңдайшадағы жазбасы бар бөлшекті сауда нысандарына келетін адамдардың ыңғайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен, сонымен қатар «Скиф Трейд» ЖШС, оның қызметкерлерінің және/немесе жеткізушілердің мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жасалған және қабылданған болатын.  
Осы ережелер «Скиф Трейд» ЖШС жергілікті нормативтік құқықтық актілерінің бірі болып табылады, ол дүкендерге бару ережелерін анықтап және реттеп, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалды және қабылданды.
1. Дүкеннің сауда залына келесі адамдарға кіруге тиым салынады:
    - алкогольді, улы және/немесе есірткімен мас болған жағдай байқалатын болса;
    - киген киімі немесе сыртқы түрі, қоғамдық тәртіпті немесе азаматтардың тыныштығын бұзатын болса және қоғамға қатысты құрмет білдірмейтін түрде болса (соның ішінде, купальниктерді, суға түсетін іш киімдерді және осыған ұқсас жағажайға киетін киімді киіп алса, жартылай жалаңаш немесе толығымен жалаңаш түрде болса);
    - жануарлармен және құстармен бірге келетін болса;
    - кір киім киіп келсе, сонымен қатар, өткір жағымсыз иіс шығатын киім киіп келетін болса;
    - үлкен сөмкелермен, рюкзактармен, қаптармен және т.б. келетін болса;
    - қозғалу құралдары ретінде қолданылатын роликті конькилерді, самокатты, скейт-бордты және басқа да қозғалу құралдарымен келетін болса, бұларға мүгедектердің арбалары, балаларды қыдыртатын арбалар жатпайды, өйткені оларды қозғалу құралдары ретінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар немесе балалар қолданады;
    - егер бұл дүкенге келуші адамдар үшін ыңғайсыздық тудыратын болса, онда қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қалауы бойынша басқа жағдайлар да болуы мүмкін.
2. Сауда залына кіру «КІРУ» деген маңдайшадағы жазбасымен белгіленген өтетін жер арқылы жүзеге асырылады; сатып алған заттармен бірге сауда залынан кассалар арқылы шығу қажет.
3. Дүкенге келетін адамдардың жеке қауіпсіздігін, дүкеннің, оның қызметкерлерінің және/немесе жеткізушілердің мүлігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ сауда залынан тыс аймаққа шыққан кезде жеке заттарды тексеру мүмкіндігін болдыртпау мақсатымен, сатып алушы жеке заттарды, қысқа мерзімде сақтауға арналған сақтау кабинкаларына орналастыруы мүмкін.
Қауіпсіздік қызметі, сондай-ақ дүкенге келетін адамдардың қауіпсіздігін, SMALL СЖ-нің, оның қызметкерлерінің және/немесе жеткізушілердің мүлігінің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты көмек көрсетуге міндетті, өзге материалдық жағынан жауапты адам, сатып алушыға үлкен көлемдегі қапталмаған сөмкені, кез-келген басқа да қапталмаған затты, көзбен сырттай қарап шығу үшін, өзіне көрсетілуін талап етуге құқылы болады.
4. Дүкенге келетін адамдарға келесілерді жасауға қатаң түрде тиым салынады:
    - сауда залында сусындарды, соның ішінде алкогольдік сусындарды ішуге;
    - темекі тартуға;
    - тауарға ақша төлемей тұрып тауарлар қаптамасының бүтіндігін және штрихтық сәйкестендіру кодын бұзуға;
    - ақшасы төленбеген тауарды сауда залынан тыс аймаққа алып шығуға;
    - тауарға ақша төлемей тұрып тауарларды қолдануға;
    - «Скиф Трейд» ЖШС әкімшілігіне алдын-ала тиісті түрде хабарламастан, әртүрлі жазба құралдарының көмегімен фото- және бейнетүсірілімді жүргізуге болмайды. Сонымен қатар, егер дүкенге келетін адамға дүкеннің аймағында фото-бейнетүсірілімді жүзеге асыру қажет болатын болса, онда ол болатын түсірілімнің көлемі мен мақсаттарын, түсірілімді жүргізудің орны мен күнін, сондай-ақ түсірілімді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, тиісті түсірілімді жүзеге асыру туралы, «Скиф Трейд» ЖШС әкімшілігіне алдын-ала жазбаша түрде хабарлауы қажет. Сатып алушының жеке себептеріне байланысты болмайтын жағдайда, дүкеннің аймағында адамдардың коммерциялық және өзге де мақсаттармен түсірілімді жүзеге асыруына қатаң түрде тиым салынады. Коммерциялық сипаттағы барлық түсірілімдер SMALL сауда желісінің маркетинг бөлімімен міндетті түрде келісілуі қажет.
    - өзін тұрпайы, ұстамсыз қылып көрсетуге, дөрекі сөздерді айтып, басқа сатып алушыларды, дүкен қызметкерлерін қорлауға болмайды;
    - сатып алушыларға тиесілі сөмкелерге, пакеттерге, портфельдер мен өзге де ұқсас заттарға тауарларды іріктеп салуға болмайды. Сатып алушылар, тауарларды тасымалдауға арналған кәрзеңкелерге, арбаларға және өзге де ұқсас құралдарға тауарларды іріктеп салуға құқылы болады.
    - тауарларды іріктеп салуға және тиісінше отыратын жері жабдықталмаған арбаларға (кәрзеңкелерге) балаларды салып алуға (алып жүруге) болмайды;
    - тауарларды іріктеп салуға арналған арбаларды, қозғалыс құралы ретінде қолдануға болмайды.
5. Дүкеннің (сатушының) мүлігін (тауарын) бұзған немесе оған залал келтірген сатып алушы, келтірілген шығынды өтеуге міндетті болып табылады.
6. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібіне қатысты ескертулер мен ұсыныстар пайда болған жағдайда, тұтынушылар «Шағымдар мен ұсыныстар кітабын» қолдануға құқылы болады.
7. Осы ережелер бұзылған жағдайда, дүкен әкімшілігі тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға және оның дүкеннен шығып кетуін талап етуге құқылы болады.
8. Осы ережелер сатып алушыға арналған жерде және www.small.kz сайтында орналастырылған.